<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><hymn_number>78</hymn_number>
<title>Қазақстан - елім бар РӘЖ120</title>
<lyrics>[V1]
.  Em                  B7  Em
 Қазақстан - елім бар, ұлан байтақ жері бар,
.             B7          Em
 Кең пейілді, ақ көңіл, бауырмалды халқы бар.
.  Am               Em      B7         Em
 Мақтан етіп ардақтайтын, ұлдары мен қыздары бар,
.  B7      Em
 Түркістан мен Отырардай, қасиетті жері бар.

[V2]
 Арыстан-баб, Яссауи, әулиесі тағы бар.
 Құдай берген бар байлық, Қазақстан жерінде.
 Жалғыз ғана Иса жоқ, Қазақ, сенің төріңде,
 Білмей Оны кетпеңіздер, қазақ, осы күйіңде.

[V3]
 Қазақстан ұлдары, Қазақстан қыздары,
 Шын жүрекпен қабылда, Құтқарушы Исаны.
 Иса болса жүректе, барлық елдің ұлттары,
 Құтыласың сонда сен, тозақтан да, оттан да.

[V4]
 Енді қазақ бауырлар, мына сөзді тыңдаңдар,
 Көкті Құдай жаратқан, жерді Құдай жаратқан.
 Сен сиынған әулие, оны Құдай жаратқан,
 Құтқармайды әулие, тозақтан да, соттан да.

[V5]
 Жаратушы Құдайдың, жаратқанына табынып,
 Адаспаңдар қазақтар, адаспаңдар қазақтар.
 Жерде емес қасиет, елде емес қасиет,
 Жалғыз ғана Исада, құдіретті қасиет.</lyrics>
<key>G</key>
<author>Т. Шарипа-апа, Неизвестен</author>
</song>